Журнал туралы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 2014 жылдың қыркүйегінен бастап «ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» ғылыми-әдістемелік журналын шығара бастағанын хабарлаймыз. Жылына 4 рет, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жарық көретін журнал Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде тіркеліп, 6.06.2014 ж. №14373-ж куәлігі берілген.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті атауының өзгеруіне байланысты «ОҚМПУ хабаршысы – Вестник ЮКГПУ» ғылыми-әдістемелік журналының Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы 15.03.2018 ж. №16979-Ж куәлігі берілді.
Журналда білім беру мен ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеу нәтижелері жарияланып келеді. Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы мен алыс, жақын шетелдер.
Журналға шығатын мақалалар қолжазбасы келесі бағыттар бойынша қабылданады:
1.Педагогика және психология
2.Жаратылыстану ғылымдары және математика
3.Тарих және қоғамдық пәндер. құқық және экономика
4.Тіл білімі және әдебиеттану
5.Кәсіптік білім, бейнелеу өнері. мәдениет және спорт