Мақалаға қойылатын талаптар

1. ӘОЖ (УДК), МРНТИ сол жақтағы жоғары бұрышта 10 шрифтімен жазылады.

2. Мақала аты бас әріптермен қалың 11 шрифтпен ортаға жазылады.

3. Одан төмен 1 жол қалдырылып, авторлардың аты-жөні қалың курсивпен бас әріптермен 11 шрифтімен беріледі.

4. Бұдан соң 1 жол қалдырылып, мақала жазылған тілде қысқаша аңдатпа (аннотация – 150-250 сөз) мен кілт сөздер (ключевые слова – 5-10 сөз) курсивпен 10 шрифтімен беріледі.

5. Мақаланың мәтіндік бөлігі 11 шрифтімен жазылуы тиіс.

6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 10 шрифтімен міндетті түрде талапқа сай жазылады: мысалы,  1. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 235 б.

7. Бұдан соң қазақ тіліндегі мақалалар үшін авторлардың аты-жөні (бас әріптермен, курсивпен, 11 шрифтімен) мен мақаланың атауы (бас әріптермен, 11 шрифтімен), 1 жол тастап аннотация (150-200 сөз), одан төмен ключевые слова (5-10 сөз) орыс тілінде беріледі. Орыс тілінде жазылған мақалалар үшін авторлардың аты-жөні мен мақаланың атауы (бас әріптермен), 1 жол тастап аңдатпа (150-200 сөз), одан төмен кілт сөздер (5-10 сөз) қазақ тілінде беріледі. Бұдан кейін екі тілде жазылған мақалалар үшін де ағылшын тілінде abstract 150-200 сөз) және keywords (5-10 сөз) жазылуы тиіс. Аннотация, кілт сөздер 10 шрифтімен, курсивпен жазылуы тиіс.

Ағылшын тілінде берілген мақалалар үшін авторлардың аты-жөні (бас әріптермен, курсивпен,11 шрифтімен), мақаланың атауы (бас әріптермен, 11 шрифтімен), 1 жол тастап, аңдатпа  (аннотация) (150-200), одан төмен кілт сөздер (ключевые слова) (5-10 сөз) алдымен қазақ тілінде, содан соң орыс тілінде беріледі.

8.Қағаз және электронды түрде автор жөнінде мәліметтер беріледі: - мақаланың аты, автордың аты-жөні толығымен, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, жұмыс орны қазақ, орыс және ағылшын тілінде («Біздің авторлар» және «Мазмұны» бөліміне жариялау үшін).